Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуге қатысу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 733 бұйрығы
(2026.12.07. берілген өзгерістермен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Әділет министрінің 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 380 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Әділет министрінің 2026.19.06. № 573 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Әділет министрінің 2024.24.10. № 886 бұйрығымен (2024 ж. 10 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.19.06. № 573 бұйрығымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Әділет министрінің 2026.19.06. № 573 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуге қатысу қағидалары бекітілсін.
2. Тіркеу қызметі және заң қызметін көрсету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Әділет министрінің 2026.19.06. № 573 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)